2021 жылғы 26 тамызда кешке Жамбыл облысының Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімнің аумағында қоймаларда сақталған оқ-дәрілердің көптеген жарылыстарына себеп болған ірі өрт болды. Алдын ала мәліметтер бойынша, мыңнан астам адам үйлерін асығыс тастап кетуге мәжбүр болды.
ТЖ аймағындағы ахуалдың қиындығы сақталуда және адамдар қанша уақыт үйлерінен тыс тұруға мәжбүр болатыны белгісіз. Олар су, гигиена құралдары, тамақ және төсек-орынды қоса алғанда, ең қажетті заттарға мұқтаж. Сонымен қатар, қазіргі уақытта жақын маңдағы ауылдардағы үйлер (терезелер, есіктер сынған, шатыр бүлінген) зақымдалғаны белгілі.
Қызыл Ай қызметкерлері мен волонтерлері зардап шеккен халықпен және жергілікті мемлекеттік органдармен тығыз жұмыс жүргізуде.
Біздің міндетіміз – ТЖ кезінде халықтың неғұрлым осал және әлеуметтік қорғалмаған топтарына көмектесу. Сіздің көмегіңізбен біз мұқтаж адамдардың көбірек санына көмек көрсете аламыз.
Кез келген сома маңызды!